Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 15 °С
Алматы: 15 °С
USD 325.79 EUR 402.94
RUB 5.33 CNY 51.90
Жаңалықтар

Ақтөбеде цистерна жарылып бір адам қаза тапты

2018 жылғы 3 қаңтар 16:31 1278
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде цистерна жарылып бір адам қаза тапты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде цистерна тазартып жүрген ер адам жанып кетті. Жедел жәрдем қызметі тек жұмысшының өлімін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Таразда 14 жастағы қыз жоғалып кетті Алматыда Әділет департаментінің ғимараты қоршауға алынды

Ақтөбеде төтенше жағдай тіркелді. Бір адам жұмыс орнында қаза болды.

«Жанат есім жұмысшы оқиға орнында көз жұмды. Цистерна жарылды. Цистернамен мазут тасыған екен. Бізге хабар жеткен соң медициналық жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 20 минутта жетті. Күйік шалған адам сол жерде қаза болды»,- деді қалалық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Дастан Неталиева.

Сонымен қатар, пойыз рельсімен жүрген екі адамның бірі оқиға орнында қаза болды.

«Ер адам мен әйел темір жолдың бойымен жүрген. Сол кезде оларды пойыз сүйреп кетті. Салдарынан аты-жөні белгісіз ер адам оқиға орнында қаза болды. Ал 51 жастағы әйел бас-ми жарақатын алды. Ол ес-түссіз күйінде ауруханаға жеткізілді»,- деді қалалық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Дастан Неталиева.

 

 


Басты сөздер: Ақтөбе облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат