Ақтөбеде бюджет түсімі артты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Биыл қаңтар-ақпан айларында облыс бюджетіне 21,1 миллиард теңге түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салысырғанда 10 пайызға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы әкімдігінде бюджет түсімі, шағын және орта бизнесті дамыту тапсырмасы қаралды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев атқарушы органдарға, Ақтөбе қаласы және аудан әкімдеріне жоспарланған көрсеткіштерге жету үшін толық шаралар қабылдауды тапсырды.

«Жоспарланған мақсаттарға қол жеткізу үшін қолда бар қорларды барынша пайдалану қажет. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында біз 2018 жылы 5% экономикалық өсімге қол жеткізу бойынша міндеттемелер қабылдадық. Бұл үшін облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын жыл басынан бәсеңдетпеу керек», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
null 

Қазіргі уақытта өндірістің даму динамикасы сақталды. Ақтөбе облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары А.Қайырмековтің айтуынша, жыл басынан бері өндірістің өсуі 251,2 миллиард теңгені құрады. Өңірде мұнай, газ, ферроқорытпа өндірісі артты. Сонымен қатар, 82,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыстың барлық аудандары мен Ақтөбе қаласында ауыл шаруашылығы өндірісі 15,7 миллиард теңге болды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ойыл, Мұғалжар, Шалқар және Алға аудандары инвестиция тартуда артта келеді. «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша 16 жоба ғана іске асырылған. Бұл көрсешкіш төмен. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев жиын кезінде азық-түлік, дәрі-дәрмек бағаларын тұрақтандыруды, инфляцияны және жұмыссыздықты төмендетуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар