Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 332.21
EUR 391.74
RUB 5.57
CNY 50.08

Ақтөбеде бюджет қаржысын игере алмай отырған басқармалар белгілі болды

 Ақтөбеде бюджет қаржысын игере алмай отырған басқармалар белгілі болды
2017 жылғы 14 қараша 22:08 349

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде құрылыс, ауыл шаруашылығы басқармалары бюджет қаржысын игере алмай отыр. Сонымен қатар, Ішкі істер департаменті де бөлінген қаржыны жыл соңына дейін жаратуы тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бюджет қаржысын уақытылы игеруді тапсырды. Ал егер Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері, басқарма басшылары мемлекеттік бағдарламалар аясында бөлінген қаржыны толық игере алмаса, жауапкершілікке тартылады. Ескерту берген өңір басшысы Бердібек Сапарбаев апта сайын бақылау жүргізілетінін айтты.

«Апта сайын бақылау жүргізу керек. Ақтөбе облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы, ауыл шаруашылығы басқармалары мен Ішкі істер департаменті бөлінген қаржыны толық игере алмай отыр. Жыл соңына дейін бөлінген қаржы бәрі игерілуі тиіс. Бұл бағыттағы жұмысты үнемі бақылауда ұстаймыз», - деді өңір басшысы Бердібек Сапарбаев. Сонымен қатар, білім беру, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау басқармалары да жұмысты тиянақты атқара алмай отыр.

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асқар Биахметовтің айтуынша, биыл облыстық бюджеттің шығыс бөлігі 223 миллиард теңгені құраған. Қазіргі күні қаржының 88,3% пайызы игерілді. Нақтыласақ, аудандық бюджет 88,5 пайызға жүзеге асырылды. Жыл соңына дейін әлі де 55 миллиард теңге жұмсалып, мақсатты игерілуі тиіс. Әсіресе, республикалық трансферттің 15 миллиард теңгесі де мақсаты бойынша жұмсалуы керек. Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ұлттық қордан әлеуметтік инфрақұрылым мен білім беруді дамыту жобаларына деп бөлінген қаржы баяу игеріліп жатыр. 

Басты сөздер: Ақтөбе облысы, Бюджет, Әкім,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер