Ақтөбеде бір күнде жоғалған 2 оқушы іздестіріліп жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбе қаласында екі жасөспірім бала жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы Мәскеу шағын ауданында тұратын екі жасөспірім бала мектептен соң үйлеріне оралмады. Қазір қаладағы еріктілер мен олардың ата-аналары іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Кеше ұлым қарындасын мектепке апаруға шығып кетіп, содан үйге оралмады. Олар таңертең сағат 10:20-да үйден шығып кетті. Бұрын мұндай жағдай болмады. Бірінші рет қайда кеткенін білмей отырмыз. Мектепте ұялы телефон ұстауға тыйым салған еді. Мүлде телефон ұстамайды. Жорамал да жасай алар емеспін», - деді жоғалып кеткен Загир Юсуповтың анасы Анжелика Ионина.

Сонымен қатар, Мәскеу ауданында тағы бір бала жоғалып кетті. Александр Степановты да еріктілер іздеп жатыр.

Олар Ақтөбе қаласының №12, 44 орта мектептерінде оқиды. Екі баланың ата-анасы полицияға хабар беріп, жаңалық күтіп отыр.

«Закир Юсупов кеше үйінен шығып кеткен. Бойы: 165-170 см. Үстінді қара күртеше, қара көк бас киім, спорттық аяқ киім болған. Ал Александр Степанов мектеп киімімен жүрген. Екеуі де бұрын үйлерін тастап кетпеген.

Полиция оларды көрген адамдардың мына телефондарға (87132) 72-91-02, 23-12-47, 102 және 98-45-44. хабарласуларын сұрайды. 

Соңғы жаңалықтар