Ақтөбеде баспанасыз қалған кеншілердің жанайқайы жергілікті билікке жетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы, Хромтау қаласының 300-ге жуық тұрғыны апатты деп танылған жатақханадан шығарылып жатыр. Жергілікті билік оларға Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы пәтер алуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласы Хромтау ауданындағы Дөң кен байыту комбинатына тиесілі жатақханада тұратын адамдар апатты деп танылған баспанадан шығарылып жатыр. Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеншілер, жалғызбасты аналар мен зейнеткерлер қоныстанған 5 қабатты жатақхана тұрғындары өз наразылықтарын білдіріп , ешқайда кетпеуге бекінген болатын.
null 

Қазіргі уақытта дау Ақтөбе облысы әкімдігіне жетіп, жергілікті билік тұрғындарға Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы пәтер алуды ұсынды.

«Құрылысшы» жатақханасы Дөң кен байыту комбинатына тиесілі. Ол жатақханада 103 бөлме бар. Қазіргі уақытта 53 бөлменің адамы жатақхананы босатты, өзгесін көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жатақхана апатты жағдайда, 50 жыл бұрын салынған. Бөлмені босатқан адамдарға мәселені шешудің бірнеше жолы ұсынылды. Жұмыссыздары еңбекке араласа алады. Жұмыс істеп жүргендері жалақысы жоғары қызметке ұсынылады. Сонымен қатар, жатақханадан шығарылғандарды Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы пәтер алуға шақырамыз. Қазіргі күні 5 адам пәтер алды»,- деді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов.
null 

Айта кетейік, Хромтау ауданында жалдамалы пәтер бағасы 30 пайызға артты. Дегенмен бұл мәселе Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бақылауына алынған.

«Тағы да Хромтау ауданына барып, тұрғындармен кездесу өткіземін. Әрқайсысын тыңдап, мәселенің шешімін сұраймын. Оларды бір күнде шығарып жібере алмаймыз»,- деді Қайрат Бекенов.

Соңғы жаңалықтар