Ақтөбеде басқарма басшысы пара алған қызметкері үшін ұялды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Мемлкеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті ауыл шаруашылығы қызметкерлерін тәртіпке шақырды. Мемлекеттік қызметкерлер 20 мың теңге пара алған әріптесінің әрекетін көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті, Ұлттық бюроның облыстық департаменті мемлекеттік қызметкерлерге пара алудың немен аяқталатынын түсіндірді. Шара кезінде Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы пара алған сәтте түсірілген бейнеролик көрсетілді. Бұл барлық қызметкерлерге сабақ болатын дерек. Ал басқарма басшысы Құсайын Сәрсенбай ұялып отырғанын жеткізді.

«Біз ықпал ете алмағанымызға өкінеміз. Дегенмен алдағы уақыта мәселенің алдын алу үшін жұмыс істейміз. Бөлім басшысына тәртіптік шара қолданамыз. «Бір қарын майды, бір құмалық шірітеді» демекші, осындай жағдай болып қалды», - деді Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсенбай.

null Пара алу дерегі 23 наурыз күні тіркелген. Бас маман тракторшыларға қажетті жүргізуші куәлігін алатын адамдарға емтихан парақшасын кедергісіз дайындап отырған.

«Биыл 23 наурызда сыбайлас жемқорыққа қарсы күрес департаменті ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманын ұстады. Мемлекеттік қызметкер трактор жүргізушісіне қажетті куәлік алуға арналған емтихан парағын кедергісіз беру үшін облыс тұрғынынан 20 мың теңге алған. Заң бойынша ол адам емтихан тапсырып, сынақтан өтуі шарт. Бірақ бас маман Т.Өтегенов бұл кедергінің бәрін өзі шешіп, қызметі үшін ақша алды. Ол бірнеше рет емтихан парағын толтырып берген», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро департаментінің тергеушісі Дәурен Алданиязов.

 

Соңғы жаңалықтар