Ақтөбеде «Балауса» фестиваліне қатысушылар қызыл кілеммен жүріп өтті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Алдағы екі күнде Ақтөбеде «Балауса» экспериментальды өтеді. Бүгін ашылу салтанатына актер Дмитрий Дюжев қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Балауса» фестивалі өтіп жатыр. Биыл бұл фестиваль Тахауи Ахтановтың 95 жылдығына орай ұйымдастырылды. Барлығы 7 театр қатысып, алдағы екі күнде өздері дайындаған қойылымдарды сахналайды. Алғашында республикалық болып өткен фестиваль биыл халықаралық деңгейге көтерілді. Ұйымдастыру жұмыстарына барлығы 15 миллион теңге бөлінген. Үздік әйел рөлін, ер адамның рөлін сомдаушылар мен драматургия, режиссурасына баға берілгенімен, нақты аталымдары қорытынды кезінде ғана берлігі болады.

«Эксперименталды фестиваль кезінде Қазақстанның театр өнері қандай деңгейде, дамуы қалай деген сұрақтарға басымдық беріледі. Сондықтан номинациялардың нақты атауы жоқ. Біз қойылымды тамашалап, өзіндік ерекшелігін таңдап аламыз. Осы фестиваль арқылы актерлік шеберлік, драматургия, режиссураның даму бағытын көргіміз келеді»,- деді Қазақстанның халық әртісі, профессор Есмұқан Обаев.

Фестивальге қатысушылар бүгін қызыл кілеммен жүріп өтті. Ал ашылу салтанатына актер Дмитрий Дюжев қатысып, өзінің фестивальге шақырғандарға алғыс айтты.

«Ақтөбеде Өнер орталығы бар екенін көріп, қуандым. Онда «Мәдениет-тіршіліктің тірегі, ортақ игіліктерді ұлықтап, ұлтты ұлы істерге ұйыстырудың бірегей тетігі» деп жазулы тұр. Өнерді насихаттаушы ретінде фестивальге шақырғандарыңызға рахмет айтамын. Көшедегі адамдар «Неге келдіңіз? Кімге келдіңіз?» деп сұрайды. Мен фестиваль болып жатқанын айттым. Білмейді. Нағыз өнер сүйер адамдар ғана фестиваль ұйымдастырады. Адамның санасын тұрмыс билемеуі тиіс. Олар қойылымдарды тамашалап, рухани азық алса дейміз. Биыл қойылымдарды тамашалағандар келер жылды асыға күтсе, өнер адамы үшін одан асқан бақыт жоқ», - деді Д.Дюжев. Кейін ол фестиваль қонақтарына арнап А.Пушкиннің «Евгений Онегин» моноспектаклін сахналады.

Айта кетейік, ертең Тахауи Ахтанов атындағы драма театрда Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры М.Горькийдің «Шыңырау» спектаклі, «28 Театр» Г.Бюхнертің «Войцек» трагедиясы сахналанады. Ал жексенбіде «А.И музыкалық театр және продюсерлік орталығы» Ж.Расиннің «Федра» трагедиясын, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры Г.Хугаевтің «Қара шекпен» әфсанасын, Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театры С.Н.Балыковтың «Отпусти поводья и лети» қойылымын, Алматы мемлекеттік қуыршақ театры Ш.Айтматов «Ана - Жер ана» қойылымын көрерменге ұсынады. Сонымен қатар, А.С.Пушкин атындағы Орск драма театры фестивальге Л.Духанинаның «Меня нет» қойылымын алып келді. 
null

null null null  

Соңғы жаңалықтар