Ақтөбеде балабақшаға берілген жер телімі мемлекетке кері қайтарылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «сақалды құрылыстар» арасында қонақ үй, балабақша, жанар жағармай бекеті, көпқабатты тұрғын үй бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласында коммерциялық мақсатта берілген жер телімдері қайта тексерілді. Себебі, соңғы жылдары қалада құрылысы тоқтап тұрған нысандар саны көбейіп кетті. Тексеруден соң 81 меншік иесіне қатысты жер телімін тексеру үшін Ақтөбе облыстық жер инспекциясына хат жолданды. Барлығы 34 жер телімі мақсатты пайдаланылмай, оларға нұсқама берілді. Егер жер иесі заң бұзушылықтарды қалпына келтірмесе, мекшікті жерін мемлекетке кері қайтарады.
null 

«Барлығы 17 жер телімі сот арқылы мемлекет меншігіне қайтарылды. Мәселен, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ демалыс орталығына арналған 35 гектар жер телімін соңғы 5 жылда мақсатты пайдаланбай келді. Ірі мұнай компаниясы бір жылда заңсыздықты жою керек. Ал құрылысы ұзаққа созылған нысандар арасында қонақ үй, балабақша, жанар-жағармай бекеті бар. Жеке кәсіпкер Әжібаеваға тиесілі қонақ үй құрылысы 8 жылдан бері тоқтап тұр. Біз тексеру жүргізіп, техникалық жағдайын білдік. Сотқа арыз жазып, құрылысты аяқтауға келісім жасалды. Оларға 1,5 миллион теңге айыппұл салынды. Әрі құрылыс банктің кепілдігінде тұр. Құрылыс аяқталса, басқа адамға сатуға болады»,- деді Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов.

Ақтөбе қаласындағы Болашақ ықшам ауданында балабақша құрылысы тоқтап тұр. Бірнеше жыл бойы өз міндетін орындай алмаған компания жерді мемлекетке кері қайтаруға мәжбүр болды. Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың айтуынша, жанар-жағармай бекеті, автомектеп, медициналық орталық, демалыс орындарына, тұрғын үйге арналған ғимараттарға қайта жоспар жасалып, жаңа талаптар қойылды. 

null null 

Соңғы жаңалықтар