Ақтөбеде автобус аударылып, Өзбекстанның 7 азаматы жарақат алды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Самара-Шымкент бағытындағы тасжолда жолаушылар мінген автобус аударылып қалды. Өзбекстанның 7 азаматы түрлі дене жарақатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде тағы бір жолаушылар автобусы жол-көлік оқиғасына тап болды. Ақтөбеден Хромтау ауданына бағыт алған автобус ішінде барлығы 25 жолаушы болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 7 жолаушы түрлі дене жарақатын алды.

«Кеше сағат 20:40-та Самара-Шымкент тасжолында жол-көлік оқиғасы болды. Хромтау ауданының Жазық ауылы  маңында автобус аударылып қалды. «Мерседес» маркалы автобустың 35 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Сол кезде автобус аударылды. Зардап шеккен 7 жолаушы Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді»,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бабы бойынша іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. 

Еске салсақ, 18 қаңтар күні Самара-Шымкент тасжолында автобус өртеніп, Өзбекстанның 52 азаматы қаза болды.


25 февраля примерно в 20:40 часов на автодороге «Самара-Шымкент» в близи п.Жазык, Хромтауского района произошло дорожно-транспортное происшествие с участием пассажирского автобуса. 35-летний водитель автобуса марки «Мерседес» житель ЮКО двигаясь со стороны г.Актобе в направлении г.Хромтау не справившись с рулевым управлением, допустил съезд в кювет, с последующим опрокидыванием. В результате ДТП 7 пассажиров автобуса граждан Республики Узбекистан с различными травмами госпитализированы в ЦРБ г.Хромтау. В салоне автобуса находилось 25 пассажиров. По данному факту начато досудебное расследование по ст.345 ч.2 УК РК (нарушение правил дорожного движения или эксплуатации транспортных средств лицами, управляющими транспортными средствами). #zello_aktobe

Публикация от ZELLO AKTOBE - OFFICIAL PAGE (@zello.aktobe) Фев 25, 2018 в 9:23 PST

Соңғы жаңалықтар