Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 9 °С
Алматы: 21 °С
USD 325.80 EUR 397.83
RUB 5.29 CNY 51.69
Жаңалықтар

Ақтөбеде әскери қызметші өрттен 4 адамды құтқарып қалды

2018 жылғы 17 сәуір 14:35 428
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде әскери қызметші өрттен 4 адамды құтқарып қалды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында орналасқан 6655 әскери бөлімінің ефрейторы Рысқали Еңсепов түтінге тұншыққан қариялар мен балаларды өрттен аман алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әскери бөлімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Аршалы ауданында автомобиль жолын су шайып кетті-Ақмола облысы Алматының орталығында жылу құбыры жарылды

Ақтөбе қаласындағы Махамбетов көшесіндегі екі қабатты үйде өрт шыққан. Оқиғаны көрген ефрейтор Рысқали Еңсепов үйдің жоғары қабатындағы қариялар мен балаларды далаға алып шығуға көмектескен.

«Әскери қызметкер жұмыстан үйіне кетіп бара жатқанда түтін шығып жатқанын көреді. Үй маңына жиналған адамдар пәтер ішінде мүгедек адам мен балалардың қалғанын жеткізген. Сол кезде ефрейтор түтінге қарамастан пәтер ішіне кіріп, қарияларды алып шықты. Кейін үйде бір және бір жарым жастағы баланың қалғанын біліп, тағы жоғары көтерілді. Бәрін бір өзі аман алып шықты», - деп хабарлады 6655 әскери бөлімінің баспасөз қызметі. https://www.instagram.com/p/BhopNO0FIFk/

Ақтөбеде әскери қызметші өрттен 4 адамды құтқарып қалды

Айта кетейік, кеше адамдардың өмірін құтқарып қалған әскери қызметкер бүгін тұрғындармен тағы да кездесті. Келесі аптада ефрейтор Рысқали Еңсеповті марапаттау шарасы өтеді. Шараға ҚР Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы басқармасының офицері Ғалымжан Шыназбеков, тұрғындар да шақырылды. 

 

 


Басты сөздер: Оқиға, Ақтөбе облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат