Ақтөбеде ашылған «Халықтық кеңсе» қандай қызметтер көрсетеді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Еліміздегі алғашқы «Халықтық кеңсе» Ақтөбеде ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде «Халықтық кеңсе» өз жұмысын бастады. Қыркүйек айының ортасында жұмысын бастап кеткен орталық 20 мың адамды қабылдап, құжаттарын рәсімдеуге көмектескен. Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев орталық жұмысының қыр-сырын ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Лукинге түсіндірді. Артықшылығы, бірнеше мемлекеттік орган бір орталықта отырады. Барлығы 600-ден астам қызмет көрсетіледі. Тіпті Ақтөбе қаласының әкімі мен оның орынбасарлары «Халықтық кеңседе» азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды.

Айта кетейік, жаңа орталық Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген транспарентті және халыққа есеп беретін мемлекетті құру тапсырмасын іске асыру аясында жұмысын бастады. Халықтық кеңседе» жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілдері, қаржы институттары, «Даму» қоры, коммуналды кәсіпорындардың өкілдері жұмыс істейді. Мұнда Халыққа қызмет көрсету орталығы мен «Қазпошта» АҚ-ның қызметкерлері де бар. Әрі мұнда  Құқықтық қызмет орталығы жұмыс істеп тұр.

null 

«Бұл жұмысты жалғастырып, кеңейту керек. Оған қоса, орталық қызметін аудан тұрғындары пайдаланады. Оларға енді түрлі мемлекеттік органдарға барып, кезекте тұрмайды. Ең бастысы, бұл азаматтардың түрлі сұрақтарын шешуде мемлекеттік және құқық қорғау құрылымдарының жұмыстарын қолжетімді әрі ашық етуге бағытталған жұмыс»,- деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин.

«Халықтық кеңсе» - Бас прокуратураның бастамасымен облыстық прокуратураның, облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырған жоба. Жобаның мақсаты - азаматтардың мемлекеттік және құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру, олардың мәселелерін тиімді шешу, сапалы құқықтық қызметке «бір терезе» қағидасы бойынша қол жеткізу. Прокуратура, ішкі істер, әділет органдарының, облыс әкімдігі қызметкерлерінің, сондай-ақ қорғаушылар мен медиаторлардың кеңестерін алуға мүмкіндіктері бар. ҚР Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин Құқықтық қызметтер орталығының қызметін жоғары бағалады.

null 

Соңғы жаңалықтар