Ақтөбеде әр сала қызметкерінің өз саябағы болады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде мәдениет, денсаулық, спорт сияқты әр саланың өз саябағы бар. Биыл барлығы 34 демалыс орны қала халқының игілігіне пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы жаңа ықшам аудандарға саябақ салынып, қала ішіндегі қараусыз қалған демалыс орындары қайта қалпына келтіріліп жатыр. Қазір өңірдегі әр сала қызметкерлерінің өз міндетіне алған саябағы бар. Мемлекеттік мекеме қызметкерлері ағаш отырғызу, тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мәселен, қалада «Мәдениет», «Денсаулық» саябақтары бой көтерді. Тіпті облыстық сот, Ішкі істер департаментінің өз демалыс орындары бар.

null

Қаланың орталығындағы Абай даңғылында орналасқан саябақ қайта жаңартылып, жарықтандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Мұнда 800 декоративті ағаш отырғызылады. Жаяу жүргіншілер жолы төселеп, орындықтар жаңарады. Құрылыс, ағаш егу, саябақты қалпына келтіру жұмыстарымен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев танысып, бірқатар тапсырмалар берді.

null

«Бұл жұмыстар сапалы жүргізілуі тиіс. Сондықтан қала әкімдігі күнделікті тексеріп тұруға міндетті. Қала тұрғындары мен қонақтар үшін осындай жасыл желекке оранған саябақтарды көбейтуіміз керек»,- деді өңір басшысы.

Айта кетейік, биыл қалаға 20 мыңнан астам ағаш егілді. Ал көктемде қаладағы халықаралық әуежай аумағына 1 миллион түп көшет отырғызылған болатын.

null

Соңғы жаңалықтар