Ақтөбеде анасын өлтірген қыз сотталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде туған анасын пышақтап өлтірген 25 жастағы Оксана Диде сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталушы Оксана Дидеге үкім шықты. Іс материалдарына сүйенсек, сотталушы Оксана Диде өткен жылдың қазан айында ішімдік ішіп, үйінде анасымен жанжалдасып қалған.

Анасы мен қызы төбелесіп, сол кезде айыпталушы шешесіне ас үй пышағын ала жүгірген.  Бірнеше рет ішінен пышақтаған. Ауыр жарақат алған сотталушының анасы оқиға орнында қаза тапқан. Сот отырысы кезінде айыпталушы Оксана Диде өзіне тағылған айыпты мойындап, ісіне өкінетінін жеткізді.

«Оксана Диде Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша айыпты деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейді. Сонымен қатар, 906 мың теңге сот шығындары өндірілсін», - деді судья Алтынбек Сабыров. 

Соңғы жаңалықтар