Ақтөбеде «Аналарға тағзым» орталығы салынып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Аналарға тағзым» рухани-тәрбие беру орталығы салынып жатыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кәсіпкерлердің қаражатының арқасында «Аналарға тағзым» рухани-тәрбие беру орталығы салынып жатыр. Бұл орталықтың ең негізгі мақсаты - қазіргі ұрпаққа өзіміздің салтымызға, дәстүрімізге, тарихымызға сай тәрбие беру, Мемлекет басшысы айтқандай, Отанын, ұлтын сүюге тәрбиелеу», - деді ол.

Аталған орталық тарихта батырлығымен белгілі болған аналарымыз бен апаларымыздың, қарындастарымыздың өмірінен сыр шертетін болады. Сонымен қатар онда ел жадында қалған аналар, олардың ерлік және еңбек жолдары насихатталады. Болашақта ұрпаққа өнеге көрсететін рухани тәрбие орталығына айналады.

«Сондай-ақ кәсіпкерлердің қаражатына «Неке сарайы» салынады. Ақтөбе қаласында, аудан орталықтарында көптеген жаңа саябақтар салынады»,- деді Бердібек Сапарбаев.

Соңғы жаңалықтар