Ақтөбеде әкім есебіне барған І топ мүгедегі Сапарбаевтан бата сұрады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласының тұрғыны Әлібек Елеусізов әкім есебі кезінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтан бата сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласының тұрғыны Әлібек Елеусізов бүгін қала әкімі Ілияс Испановтың есеп беру кездесуіне барды. Екі аяғы жоқ, екі қолы мүлде жұмыс істемейтін мүмкіндігі шектеулі жан «Жүректен жүрекке» еріктілер тобында жүргенін, қайырымды жандармен бірге жетім балаларға, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған сәбилер мен басына іс түскен адамдарға көмектесуге үлес қосатынын айтты. Жастар мен қайырымды жандардың бұл тобы ақтөбеліктер үшін жақсы таныс. Бір жыл бойы атқарған істі тізбектеген І топ мүгедегі Әлібек Елеусізов жергілікті кәсіпкерлерге, мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне алғысын айтып, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтан бата сұрады.
null 

«Барлық адамның он екі мүшесі сау бола бермейді. Алланың бергеніне ешкім қарсы тұра алмайды. Бірақ өмірге келген соң өмір сүруге деген талпыныс болуы керек. Он екі мүшем сау адам «мен неге таңертеңнен кешке дейін жылай беремін» деп ойлануы керек. «Үкімет, жерлестерім, ағайын-достарым неге көмектеспейді» деп өкпелейтіндер осы адамдарға қарап ойланса дейміз. Біз шамамыз келгенше мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесеміз, қолдаймыз. Мүмкіндік болса, мемлекеттік марапаттарды алып береміз. Елімізде жүрегі кең, жанындағы жерлестеріне қалай көмектесемін деген адамдар көп болса, қазақ, Қазақстан жаман болмайды. Саған денсаулық берсін! Бойыңдағы қайратың, жігерің кетпесін. Жан-жағыңда жүрегі кең азаматтар көп болсын!» - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Айта кетейік, өңірде ақтөбелік жастардың басын біріктірген «Жүректен жүрекке» қайырымдылық тобы бар. Олар үш жылдан бері жетім балаларға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмектесіп келеді. Тіпті, мүгедектер арасында спорттық шараны жиі ұйымдастырады. 
null 

Соңғы жаңалықтар