Ақтөбеде АИТВ жұқтырғандар тәуіптерді жағалап жүр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жыл басынан бері 4 адамнан АИТВ анықталды. Олардың арасында нашақор мен гомосексуал бар. Науқастар арнайы мекемеден тегін дәрі-дәрмек алмай тәуіптерге қаралуын тоқтатар емес, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір жыл ішінде Ақтөбеде АИТВ жұқтырған 40 адам тіркелді. Олардың үшеуі шетелдік азамат, біреуі азаматтығы жоқ адам. Дерт жұқтырғандардың басым бөлігі ер адамдар.

«АИТВ көбіне жыныстық жолмен жұғады. Нашақорлар арасында да тез таралады. Бір қиыны, өткен жылы 20-29 жас аралығындағы жастардың саны артып, АИТВ дерті анықталғандардың 47 пайызын құрап отыр. Науқастар арнайы мекемелерде берілетін тегін дәрі-дәрмекті пайдаланбай, өз бетімен қазақы емді жағалап кетеді. Емшілерге барып, шөптен дайындалған тұнбаларды ішеді. Өкініштісі, олар тек уақыт өткізіп жатыр»,- дейді «Ақтөбе Арасан» ЖШС профилактикалық бөлім меңгерушісі Айжан Жайлаубаева.

Айта кетейік, Ақтөбеде АИТВ жұқтырған 298 науқас тіркелген. Олардың 60-ы шетел азаматы. 

Соңғы жаңалықтар