Ақтөбеде Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы өтті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеге көркемсөз оқу шеберлері жиналды. Абайдың қара сөздері мен шығармаларынан үзінді оқыған жастар еліміздің әр өңірінен жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аясында Ақтөбеде Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы өтті. Байқауға еліміздің батысы мен шығысынан, солтүстігі мен оңтүстігінен 15 үміткер қатысты. Олар Абайдың қара сөздерінен, өлеңдерінен, «Абай жолы» роман-экопеясынан үзінді оқыды.

«Көркемсөз оқу байқауларына жиі қатысамын. Өзім 8 сыныпта оқып жүрген кезде Абай Құнанбайұлының өлеңдерін, қара сөздерін жатқа оқыдым. Адамға рух беретін, дүниетанымыңды кеңейтетін, өмірге деген көзқарасыңды қалыптастыратын шығармалары мен үшін үлкен тәрбие құралы. Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауында 10 қара сөзді оқыдым. Сахнаға арнайы дайындалып, ат әбзелдерін, кітаптарды алып шықтым. Бұл арқылы мен қара сөздегі бала тәрбиесі туралы ойды жан-жақты жеткізгім келді»,- деді Ақтөбе облысынан шыққан үміткер Алдияр Алтынбек.

null

Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауына қоғам қайраткері Амангелді Айталы, Ш.Шаяхметов атындағы тілдірді дамыту республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы директорының көмекшісі Оразгүл Асанғазы қазылық етті. Ақмола облысынан келген Гүлзат Қайыргелді бас жүлдені жеңіп алды. І орында Қостанай облысының көркемсөз оқу шебері Дәлді Хайрат, ІІ орында маңғыстаулық Әлібек Тағабердин, ІІІ орында Шығыс Қазақстаннан келген Мейіржан Әлбеков пен павлодарлық Оразбек Бахатбек. Жеңімпаздар арнайы дипломдар, алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

null

Соңғы жаңалықтар