Ақтөбеде 850 метр дастарқан жайылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбедегі Тұңғыш Президент атындағы саябақта 150 орын белгіленіп, қаладағы мейрамхана мен сауда орындары 850 метр дастарқан жайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласында Наурыз мерекесі кең көлемде атап өтіліп жатыр. Қаланың Әбілқайыр хан даңғылы жабылып, мейрамханалар мен орта оқу орындары тұрғындар мен қонақтарға 850 метр дастарқан жайды. Бүгін барлығы 4,1 мың литр Наурыз көше беріліп, 6,8 тонна палау таратылды. Сонымен қатар, 7,5 тонна бауырсақ үлестірілді.

«Бүгінгі күнге арнайы дайындалып, көже пісірілді. Ұжым 200 литр көже, 50 келі бауырсақ дайындады. Наурыз ұлық мереке болған соң біз қаладағы шараға белсене қатысып, дастарқан жаямыз. Ал ақтөбеліктердің белсенділігі жоғары. Олар ұлттық астан дәм татып, бізге алғысын білдіріп жатыр»,- деді Ақтөбе кооператив колледжінің өкілі Әсия Алмасқызы.
null 

Ақтөбеліктер үшін арнайы ат арбалар қызмет көрсетті. Балалар серуендеп, қаланың орталық көшелерімен жүрді. Сонымен қатар, пони, түйе, ат секілді жануарларға мінуге мүмкіндік берілді.
null 

«Жасым 84-ке келді. Жыл сайын Наурызда көшеге шығып, халықпен бірге жүремін. Биыл ит жылы кіріп жатыр. Халқымызға тыныштық, бірлік тілеймін»,- деді қала тұрғыны Мұхамбет Молдағазыұлы.

null 

Соңғы жаңалықтар