Ақтөбеде 7 жастағы қызды соққыға жыққан ерлі-зайыпты мұнарадан секіріп кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласы, Қурайлы ауылында 7 жастағы қызды соққыға жығып, полиция алдында жауап берген ерлі-зайыпты мұнарадан секіріп кетті. Екеуі де оқиға орнында қаза тапты. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ақтөбе қаласы, Қурайлы ауылында 7 жастағы Кристина Шустерді өгей анасы соққыға жыққаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз . Қазір мектеп оқушысы ауруханада жатыр. Ал кешкілік полицияға белгісіз біреу хабарласып, Қурайлы ауылындағы мұнара басына ерлі-зайыпты В.Шустер мен Ә.Дүйсенованың шыққанын, олар өз-өзіне қол жұмсайтындары туралы айтып қорқытқанын жеткізді.

«Оқиға орнына жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғаушылар барды. Мұнара басына шыққан ерлі-зайыптылар арасында келіссөз жүрді. Дегенмен екеуі де келісімге келмей, биіктен секіріп кетті»,- деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Келіссөз екі сағатқа созылғанымен, еш нәтиже бермеген. Владимир Шустер мен Әсел Дүйсенбаева оқиға орнында көз жұмды.

Айта кетейік, осы келеңсіз жағдай бойынша облыстық ішкі істер департаменті Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша іс қозғады. Бірнеше сараптама тағайындалып, тергеу басталды. 

Соңғы жаңалықтар