Ақтөбеде 500 кәсіпорын жұмысшыларының жалақысын көтеруге уәде берді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде орташа жалақы - 126,1 мың теңге. Биыл 500 кәсіпорын өз жұмысшыларының еңбекақысын көтеруге уәде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев еңбек ұжымдарымен кездесіп, үшжақты меморандумға қол қоюды жүргізген болатын. Қазіргі уақытта бұл жұмыс жалғасып жатыр. Өткен жылы өңірде орташа жалақы 7,3 пайызға өсіп, 126,1 мың теңгені құрады. Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалақының өсу қарқыны бойынша аймақ Қазақстан өңірлері арасында жетекші орынға ие болған.

«Облыстың кәсіпорындарында келісімдердің орындалуына байланысты тұрақты жағдай сақталып отыр. Әлеуметтік төлемдер мен жалақы уақыты берілуде. Алдағы уақытта жұмысшылардың еңбекақысын көтеру, ең төмен жалақы алатын адамдардың жалақысын арттыру бойынша жұмыс жалғасуы тиіс», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясының басшысы Мирболат Райымқұловтың айтуынша, өткен жылы 53 ірі кәсіпорын мен сервистік компания жалақыны 7 пайыздан 20 пайызға дейін өсірді. Сонымен қатар, мемлекеттік мерекелер кезінде сыйақы төлеп отыр. Биыл қаңтар айынан бастап облыста 4 771 меморандумға қол қойылды. Әрі 500 кәсіпорын жалақыны көтеру туралы міндеттеме алды. Жиын кезінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаев меморандумдардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

 

Соңғы жаңалықтар