Ақтөбеде 43 елді мекенді су басу қаупі бар -ТЖД

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі бірнеше аудан мен өзен жағалай орналасқан бау-бақшаны биыл да су басуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Ақтөбе облысы аумағында қардың түсімі өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе аз. Дегенмен, төтенше жағдайлар қызметі қауіп сейілмегенін жасырмады. Себебі, жердің қабаты қатып қалған. Егер қар ерісе, жерге сіңбей, бірден жылғаларға ағады.

«Қар еріген кезде міндетті түрде оның жүрер жолын тазартып, ауылдан шығарып жіберу үшін бірлесе жұмыс істеу керек. Ал бізде әркім өз үйі мен ауласын ойлап, қоршап алады. Сол кезде судың кететін жері болмай, көршісінің үйіне кіруі мүмкін. Қара бастың қамын ойламай, бәрі бірлесе жұмыс істесе, ағып келген судың бетін қайтаруға болады. Қазіргі кезде барлығы 43 елдімекен су басу қаупі бар. Ол жерлерде 12 мыңнан астам адам тұрады. Ауыл әкімдері халықты ақпараттандырып жатыр. Кешенді жоспарға 100 тоннадан астам инертті материал әзірленіп, 25 мың дана құм толы қап жиналды. Облыстағы көктемгі су тасқының алдын алу жұмысына 190 миллион теңге бөлінді. Резервте 1,6 миллиард теңге бар»,- деді Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Қайрат Қасым.
null 

Сонымен қатар, 14 тәулікке жететін азық-түлік, су мен жанар жағармай әзірленді. Жергілікті атқарушы билік эвакуацияланатын тұрғындарды орналастыру үшін 87 орын белгіледі.

Айта кетейік, облыс бойынша 170 текше метр қар сыртқа шығарылды. Бұл өткен жылдан 2,5 есе аз. Облыс бойынша көктемгі су тасқыны кезінде 1600 адам құтқару жұмыстарына дайын. Барлығы 500 техника әзірленді. Оның тең жартысына жуығы су сорғылау машиналары. Егер төтенше жағдай жарияланса, өзге өңірлерден 220 адам, 35 техника келеді.

Ақтөбе облысы бойынша Қарғалы, Әйтеке би, Алға, Хромтау, Мұғалжар аудандары мен Ақтөбе қаласында қауіп басым.

Еске салсақ, өткен жылы сәуір айының орта тұсында Қарғалы, Елек, Сазды өзендері тасып, бірнеше су қоймасы ашылды. Салдарынан жүздеген адам мектептерге орналастырылды. 

Главное фото: иллюстративное фото с youtube.com

Соңғы жаңалықтар