Ақтөбеде 25 млрд теңгеге гүл өсіретін жылыжай салынды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбенің Маржанбұлақ ауылында гүл өсіретін жылыжай салынады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының Маржанбұлақ ауылында гүл өсіретін ірі жылыжайы салынады. Жобаның құрылысына 25 миллиард теңге жұмсалмақ. Құрылыс жұмыстарын бір айдан кейін бастау жоспарлануда.

«Гүл өсіретін жылыжай үшін Маржанбұлақ ауылынан 15 га жер бөлінді. «Орандж-Холдинг» компаниясы өңірде салынатын алғашқы жылыжай құрылысын ауылда жүргізіп, ішкі нарықты қамтуды жоспарлап отыр. Кейін жақын шетелге сата алады. Жылыжайда қызғалдақ пен раушан гүлі өсіріледі», - деді Алға ауданының әкімі Нағымжан Алдияров .

Айта кетейік, Алға ауданында биыл үш ірі инвестициялық жоба іске асырылады. Үшеуі де ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған.

 

Соңғы жаңалықтар