Ақтөбеде 2,5 мың теңгенің дауынан соң өліммен аяқталған қылмыстық іске нүкте қойылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 32 жастағы төрт баланың әкесі Әсет Оразбайдың өлімімен аяқталған оқиғаға қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы кафенің бірінде болған оқиға туралы бұған дейін хабарлаған болатынбы з. Әсет Оразбай дәмханада күзетші болып жұмыс істеп жүрген кезде Марат Абдуллин әріптесі Артур Берекетовті жанына ертіп, тапсырыс береді. Ыстық тамақтың ақысын төлеп, тағы ішімдік сұратқан кезде 2555 теңгелері жетпей қалады. Ақыны төлемейтіндерін айтып, даяшыны кері қайтарған екеуі сол күйі далаға шығып кетеді. Соңынан ере шыққан Әсет Оразбайды сол жерде ұрып, кейін көлікпен қағып кетпек болады.

Айыптау қорытындысына сүйенсек, Әсет Оразбай көлікке жармасып, бірнеше метр жүгірген. Сол кезде көлік рөлінде отырған Артур Берекетов жылдамдықты асырып, жүріп кетеді. Жәбірленуші оқиға орнында қаза болған. Іс бойынша Марат Абдуллин «бұзақылық», Артур Берекетов «абайсызда кісі өлтіру» бабы бойынша айыпты деп танылды.
null

Айыпталушы Марат Абдуллин екі жылға, ал Артур Берекетов 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Екі сотталушы жәбірленуші тарапқа 3 миллион теңге моральдық және материалдық шығын төлеуі тиіс.

«Біз сот шешімімен келіспейміз. Аппеляциялық шағым түсіріп, қажет болса Жоғары сотқа арыз жазамыз. Сот кезінде қасақана кісі өлтіргені дәлелденбеді деп айтып жатыр. Бір үйдің асыраушысын, төрт баланың әкесін өлтірген адамға қатысты тергеу жұмысы дұрыс жүргізілмеді. Олар жеңіл жаза алып отыр»,- деді қаза болған Әсет Оразбайдың келіншегі Гүлнар Оразбаева.

 

Соңғы жаңалықтар