Ақтөбеде 1 курс студенттері облыс әкімдігі жанында жаппай төбелесті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы әкімдігінің жанында 3 колледждің оқушылары жаппай төбелесті. Олардан пышақ пен қолдан жасалған өткір заттар табылды. 

Бұл туралы облыстық жергілікті полиция бастығы Қаныбек Жақсығалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа оқу жылында колледж оқушылары жаппай төбелесті. Аудандық білім бөлімінің басшыларымен, мектеп, колледж директорларымен кездесу өткізген Ақтөбе облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Қаныбек Жақсығалиевтің айтуынша, облыс әкімдігі ғимаратының жанына Заң колледжі, Қазақ-орыс халықаралық университеті жанындағы колледжі, Көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің студенттері төбелескен. Олардан пышақ және қолдан жасалған үшкір, өткір заттар табылды.

«Қыркүйекте Ақтөбе қаласындағы байланыс колледжінде екі студент төбелесіп қалды. Бұл ғимарат ішінде болған төбелес. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысты жандандырып, ата-аналардың қатысуымен жиналыс өткізу қажет. Егер бала бақылаусыз қалса қылмыс көбейеді»,- деді Қаныбек Жақсығалиев. 

Соңғы жаңалықтар