Ақтөбе жастары арасында ұялы телефон ұрлайтындар көбейді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе жастары арасында қылмыс артты. Өңірде колледждің 56, университеттің 2 студенті қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе жастары арасында қылмысқа барған студенттер саны артып отыр. Ұрлық, тонау, бұзақылық жасаған жастардың басым бөлігі колледждерде білім алады.

«Осы жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша қылмыс 20 пайызға өсті. Қылмыс жасағандардың 60 пайызы колледж студенттері мен 30 пайызы мектеп оқушылары. Барлығы 19 колледж студенті қылмыс жасады. Қылмыс жасағандардың 60 пайызы ұрлықпен ұсталды. Олар телефон ұрлап, сөмкеден заттар алып кеткен. Содан кейін тонау, бұзақылық басым», - деді Ақтөбе облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Қаныбек Жақсығалиев.

Айта кетейік, қазір жоғары оқу орындарындағы заңгерлік факультетте білім алып жүрген жастардан Студенттік отряд құру жоспарланды. Олар студент кезде учаскелік полиция қызметкерлерімен, жастар ұйымдарымен бірге тәртіпті бақылап, кейін ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатарын толықтырады. Жоғары оқу орындарының ректорлары Жергілікті полиция қызметінің бұл ұсынысын қолдады. 

Соңғы жаңалықтар