Ақтөбе шаруалары шұбатты тегін таратты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбе қаласында «Шұбат Party» шарасы өтті. Түйе сайып, шұбат ашытып отырғандар ұлттық сусынды тегін таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Наурыз мерекесі аясында сауда - ойын-сауық кешенінде облыстың шұбат өндірушілер мен белсенді жастардың ұйымдастыруымен «Шұбат Party» шарасы өткізілді. Шара барысында облыс аудандарының шұбат өндірушілері өз өнімдерін тұрғындарға тегін ұсынды. Жастар барлығы 100 литр шұбатты сауда кешенінің қонақтарына таратты»,- деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
null null 

Айта кетсек, Наурыз мерекесі күндері ақтөбеліктерге ұлттық тағамдарды тегін таратылды. Тұңғыш Президент атындағы саябақ пен бірнеше мекеме жанындағы құрылған киіз үйде бауырсақ пен Наурыз көже тегін үлестірілді. Тіпті, 850 метрлік дастарқан жайылды.

null 

Соңғы жаңалықтар