Ақтөбе өзін жұмыртқа және құс етімен қамтамасыз етуі керек - Сапарбаев

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбе облысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында импортты алмастыратын кәсіпорындар іске қосылады. Биыл жұмыртқа, құс етін өндіретін екі серістестік жұмысын бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында биыл экономикалық серпіліс жылы жарияланды. Алдағы уақытта өндіріс, ауыл шаруашылығында бірқатар зауыттар іске қосылады. Мәселен, «Ұлан» ЖШС-і биыл жылына 75 миллион дана жұмыртқа шығаратын зауытты іске қосады. Ал «Рамазан» ЖШС-і құс фабрикасының жұмысын жетілдіреді.

«Ақтөбе облысы жұмыртқа мен етті импорттаудан арылуы керек. Биыл жаңа кәсіпорындар іске қосылып, бұл мәселе шешімін табады. «ҚазПолИнвест» ЖШС-і жылына 10 мың тонна құс етін өндіретін фабиканы іске қосады»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Сонымен қатар, Ақтөбеде 14 инвестициялық жоба іске асырылады. Өңірде Кірпіш зауыты, Қыш өндіру зауыты іске қосылады. Сонымен қатар, Қожасай кен орнындағы газды кешенді дайындау қондырғысы салынып, Весенне-Аралчинское кен орнын ашу жоспаранып отыр. 

null null 

Соңғы жаңалықтар