Ақтөбе өңірінің кескін-келбетін айқындайтын бренд әзірленуде

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысын айшықтап, шетелдіктерге таныстыратын бренд әзірленеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бұл бағыттағы жұмыстар осы уақытта басталып та кетті. Өңірді таныстыратын таңбалық белгі өзге облыстарға, халықаралық тәжірибеге сүйеніп жасалады. Бұл жұмыспен арнайы пиар компания айналысады.

«Бренд жасаушы компанияға бірнеше талап қойылады. Олар өңірдің анықтамалығын жинап, ерекшеліктер мен артықшылықтарын тізбектейді. Кейін халық арасында сауалнама жүргізеді. Мысалы, «Ақтөбе дегенде көз алдыңызға не келеді?» деген және басқа да сұрақтар бойынша тұрғындардың пікірін сұрайды. Тұрғындардың пікірінің негізінде бірнеше таңбалық белгі әзірленіп, ол арнайы комиссияға ұсынылады. Облыс әкімі жанындағы комиссия құрамында дизайнер, сәулетші, өңірге белгілі адамдар мен тарихшылар, кәсіпкерлер, бір сөзбен айтқанда өз ісінің шеберлері болады. Олар талқылап, түзетіп, бір брендті таңдайды»,- деді Ақтөбе облыстық сыртқы байланыстар және туризм басқармасының басшысы Ермек Кенжеханұлы.

Соңғы жаңалықтар