Ақтөбе облысының тұрғыны қолдан есірткі дайындап сатқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе тұрғыны есірткіні қолдан жасап, өз үйін сол есірткі тұтынушыларға арналған притонға айналдырған, деп хабарлады Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Ақтөбе облысы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлеріне Әбілхайырхан даңғылында орналасқан пәтердің бірінде есірткі пайдаланушылардың жиналатындығы туралы ақпарат келіп түскен.

Ақпартты тексеру кезінде аталған мекенжайда есірткі падайланатыны расталды. Үйді тінту барсында пайдаланған шприцтер, амиак ыдысы және көкнәр салынған пакет табылды. Ал 48 жастағы үй иесі пәтерін қолдан жасалған есірткіні пайдаланушыларға арналған притонға айналдырғанын мойындады.

Қазіргі таңда, осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 302 бабы, 1 тармағы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізілуде.

Жыл басынан бастап полицейлер 8 есірткі пайдалану ошағын анықтады.

Соңғы жаңалықтар