Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -25 °С
Алматы: -10 °С
USD 324.27 EUR 398.27
RUB 5.73 CNY 50.68
Жаңалықтар

Ақтөбе облысының бас архитекторы тағайындалды

2017 жылғы 6 қараша 20:49 651
Поделиться:
Ақтөбе облысының бас архитекторы тағайындалды

  АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың өкімімен облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасына Нұрлан Иманалин басшы болып тағайындалды. Жоғары білімді маман бұған дейін облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Нұрлан Иманалин еңбек жолын теміржол саласында бастаған. Жол жұмыстарын механикаландыру инженері, Ақтөбе қалалық әкімшілігінің аға референті болып жұмыс істеді. Сонымен қатар мемлекеттік, коммуналдық және коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтерде болды.

Айта кетейік, ол Алматы теміржол көлігі инженерлерінің институтын «жол қатынастары инженері» мамандығы бойынша бітірді.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат