Ақтөбе облысындағы жол апатын тергеу үшін ІІМ-нің арнайы тобы аттанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбе облысында орын алған жантүршігерлік жол апатын тергеуге Ішкі істер министрлігінің арнайы тобы аттанды. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Ақтөбе облысында, «Самара-Шымкент» авторжолының 945-ші шақырымында ірі жол апаты болып, автобус аударылып қалды. Дәл қазіргі уақытта 9 адамның қаза тауып, тағы 18 жолаушының жарақат алғандығы белгілі. Жол-көлік апаты салдарының ауырлығын ескере отырып, себептерін анықтау үшін қызметтік тергеу шараларын жүргізуге Ішкі істер министрлігі облысқа Әкімшілік полиция комитетінің  бөлім бастығы бастаған арнайы топты жөнелтті», - деп жазды Алмас Садубаев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай , салонында 52 жолаушы болған «Мерседес» маркілі 2 қабатты автобус аударылған. Автобуста 52 адам, оның Өзбекстанның 50, Қазақстанның екі азаматы болған. Жол апаты салдарынан  9 адам (Өзбекстан азаматтары) қаза тауып, 18 адам (17 Өзбекстан азаматы мен 1 ҚР азаматы) - ауруханаға жеткізілсе, тағы 25 адамға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар