Ақтөбе облысында жұртқа кең танылған минералды су қайта шығарылмақ

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында бір кездері әйгілі болған Шалқар минералды суы қайта шығарыла бастайды. Шалқар ауданында бұрын тоқтаған кәсіпорынға жаңа инвестор келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шалқар минералды суы 1961 жылы табылған, кезінде бұрынғы Одақтың бүкіл дәріханаларында сатылушы еді. Тәуелсіздік жылдары кәсіпорынның ісін «Көктас Ақтөбе» ЖШС қолға алды, бірақ бірнеше жыл бұрын белгісіз себептермен өндіріс тоқтаған.

«Кәсіпорынды «Қазақстан минералды сулары» ЖШС сатып алды. Қазір цехта күрделі жөндеу жүріп жатыр, Еуропадан қондырғылар әкелінуде. Шалқарда алдағы уақытта минералды судан тыс, шишаға, полиэтилентерефталат бөтелкеге құйылған спиртсіз сусындар да шығарылады. Жалпы 780 миллион теңге мөлшерінде инвестиция құйылды. Жоспар бойынша наурыз айының орталарында өнім өндіре бастаймыз», - дейді «Қазақстан минералды сулары» ЖШС директоры Раушан Қонақбаева.

Соңғы жаңалықтар