Ақтөбе облысында Жемқорлыққа қарсы департаменттің басшысы тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 13 сәуірдегі бұйрығымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына Расул Махмұдұлы Медетов тағайындалды.

Расул Махмұдұлы Медетов 1986 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. ҚазГЗУ-дің, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Шеффелд (Ұлыбритания) университетінде магистратураны бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы «Қазақстан жастар одағы» ЗТБ-ның экономикалық және ақпараттық-технологиялық дамыту бөлімінің маманы қызметінен бастаған.

ҚР Жоғарғы Сотында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменті басшысының орынбасары лауазымында болған.

Соңғы жаңалықтар