Ақтөбе облысында жанып кеткен автобус тапсырыспен жүрген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында жанып кетіп, 52 Өзбекстан азаматы қаза тапқан автобус тұрақты тасымалдаумен айналыспаған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ОҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствода хабарлағандай, көліктің нөмірінде өңірдің коды болған - Х. Бірақ онда тұрақты рейстік бағдар жасамаған.

«Тұрақты рейстердегі автобустар автовокзалдан немесе автостанциядан шығуы тиіс. Бұл автобус тұрақты емес. Оны аталған жерге дейін алып бару үшін жалдаған», - деді телефонмен ОҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында.

Еске салайық, Ақтөбе облысында Самара-Шымкент тасжолында автобус өртеніп, 52 адам қаза тапты. 

Соңғы жаңалықтар