Ақтөбе облысында Ресейден қайтар жолда бұзылған автобус жолаушылары құтқарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Самара-Шымкент тасжолында Ақтөбе облысының Ырғыз кентіне жақын жерде Ресейден Өзбекстанға жол тартқан автобус бұзылып қалған. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

ТЖ 15 желтоқсанда болған. Бұзылған автобус ісі қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін еді, себебі ауа температурасы 23 градус аязды көрсетіп тұрған және желдің екпіні күшейген.

Автобуста 48 Өзбекстан азаматы болған. Олар Ресейде жұмыс істеп, елдеріне қайтып келе жатқан. Оқиға орнына келген Ырғыз аудандық әкімшілік полиция бөлімінің инспекторы жағдайды бағалап, ТЖ арнайы техникасын шақырған және жолаушыларды көлікке отырғызып, жылыту бекетіне жеткізген. 

Соңғы жаңалықтар