Ақтөбе облысында күшті жел тұрады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында 24 қаңтарда шығыстан соғатын жел екпіні секундына 17-22 секундқа жетеді. Мұғалжар ауданында желдің екпіні секундына 28 метрге жетеді. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті ақтөбеліктерге көшеге шықпауға кеңес беріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне хабарлама жасап.

Мұндай жағдай әдетте Бофорт бағамы бойынша мықты дауыл ретінде бағаланады. Мұндай жағдайда көптеген шығындар болуы мүмкін. Тіпті талдарды тамырымен жүлып әкететін кездер болады.

Осыған қарай ТЖД облыс тұрғындарына жарақат алып қалмау үшін терезеден қашық жүруге кеңес береді.

«Ғимараттардан тек аса қажет жағдайда ғана шығу керек. Мүмкіндігінше жалғыз шықпаған жөн. Көшеде жүргенде талдардан, жарнама бағандары сияқты қауіп тудыруы мүмкін құрылғылардан аулақ жүрген жөн. Желдің екпіні басылысымен көшеге шығуға тыйым салынады»,- деп кеңес береді құтқарушылар.

Соңғы жаңалықтар