Ақтөбе облысында екі мұнайшы қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Жаңажол кентінде жазатайым оқиға орын алды. Онда «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ екі қызметкері қайтыс болды, деп хабарлады «Мой город» порталы.

Алдын ала нұсқа бойынша вахта қызметкерлері арақтан уланған. Қазір істің мән-жайын еңбек жөніндегі инспекторлар анықтауда.   Жұмыс берушіден оларға бір ғана адамның қаза тапқаны туралы  хабарлама түсіп жатқанда, екінші қайтыс болған адам туралы да белгілі болды.

«Кеше таңертең 11-де «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның 4-разрядты көмекшісі Жайылғанов  қаза тапты. Бұл Жаңажол кен орнында болды. Жаңа әзірде департамент директорымен сөйлестім, түнде мәйітті ашқан. Жұмыс орнында арақ ішкен болуы мүмкін. Қазір бәрі нақтылануда. Әзірге бір адамға ғана қатысты құжаттар ресми түсті», - деді облыстың еңбек инспекциясы басқармасы бөлімінің басшысы Жолмұрат Жұбаназаров.

Ресми емес деректерге сүйенсек, бүгін Жаңажолдан өзін жайсыз сензінген тағы бір жұмысшы жеткізілді. Алайда бұл ақпарат нақтыланған жоқ.

Соңғы жаңалықтар