Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары не себепті 2 млн. теңгеге үстелге тапсырыс берілгенін түсіндірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік сатып алу басқармасы лоттарды орналастыру кезінде қателік жіберген деп түсіндірді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асқар Шериязданов.

«Бізде жақында ғана құрылған мемлекеттік сатып алу басқармасы бар. Онда 10 мыңдай сатып алу, яғни лоттар бар. Сол жерде 63 мың теңгеге сатып алу керек деген жерге артық ноль жазылып кеткен. Содан 630 мың теңге болып шыққан. Ол, әрине, қоғамда біраз дау-дамай тудырды. Мен бұған түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Қазір бұл қате түзетілді»  - деді облыс әкімінің орынбасары журналистерге берген жауабында. 

Ол лотты орналастыратын жауапты қызметкердің тиісті жазасын алғанын айтты.

«Суағар сатып алынды. Соңғы рет облыс әкімдігінде жөндеу жұмыстары 2007 жылы жүргізілді. Иә бұған халық наразы, бірақ жұмыс алға басу керек. Жөндеу жұмыстары жасалып, орындықтар сатып алынып, конференц-зал заманауи үлгіде жабдықталуы тиіс», - деп түсіндірді А.Тұрарұлы.

Айта кетейік, Ақтөбе әкімдігінің сайтында небары үш орындық 630 мыңға, ал суағар 1,6 млн. теңгеге, сондай-ақ әрбір ыдыс-аяқ жарты миллион, үтік 90 мың, ауа тазартатын құрал 292 мың теңгеге тапсырыс берілгені туралы айтылған болатын. Лотта қымбат креслоның Ақтөбе облысы әкімінің іс жүргізу басқармасы басшысы мен келушілерге арналғаны ескертілген.  Сондай-ақ, әкімдікте табиғи бұзау терісінен жасалған сапалы өрнегі бар, алтын жалатылған үстелге тапсырыс беруге ниеттенгені туралы айтылған.

Соңғы жаңалықтар