Ақтөбе мен Қызылорда облыстарында есірткі сатқан қылмыстық топ ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе мен Қызылорда облыстары аумағында есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің Есірткі бизнесімен және Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармаларының қызметкерлері құрамында 3 адам бар ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі. Олар ұзақ уақыт бойы Ақтөбе мен Қызылорда облыстарының аумағында аса ірі көлемде есірткі заттарын тасымалдау, сақтау және сатумен айналысқан»,- деді ол.

Оның айтуынша, қылмыскерлер есірті сатудан түскен ақшаға жылжитын және жылжымайтын мүліктер сатып алып отырған.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деп атап өтті Алмас Садубаев.

Соңғы жаңалықтар