Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -27 °С
Алматы: -6 °С
USD 334.85 EUR 394.29
RUB 5.69 CNY 50.60
Жаңалықтар

Ақтөбе мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында әлеуметтік нысандар салу тәжірибесімен бөлісті

2017 жылғы 13 қазан 13:38 751
Поделиться:
Ақтөбе мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында әлеуметтік нысандар салу тәжірибесімен бөлісті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде өтіп жатқан инвестициялық форум кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынып жатқан әлеуметтік нысандар таныстырылды. Кәсіпкерлер мемлеткетпен әріптестік аясында құрылыс жұмыстарын жүргізу жолдарын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Ақтөбеде инвестициялық форум өтіп жатыр. Форумға әлемнің 20 елінен 400-ге жуық адам қатысып жатыр. Бұған дейін хабарлағанымыздай, форум аясында өндірістік, ауыл шаруашылығы саласындағы зауыт, комбинаттардың жұмысы таныстырылды.

Бүгін форум аясында «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік: тәжірибе және даму болашағы» атты жиын өтті. Жиынға кәсіпкерлер, мемлекеттік органдардың және екінші деңгейлі банктердің өкілдері қатысады. Шараға «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы»  АҚ вице-президенті Айдос Көбетов қатысты. Ақтөбелік кәсіпкерлер мемлекетпен бірлесе құрылыс жұмыстарын жүргізудің артықшылықтарын айтып берді.

«Ақтөбедегі офтальмологиялық орталық еліміздің батыс өңіріне қызмет көрсете алады. Бұған дейін науқастар Ресейге барып ем қабылдап жүрді. Енді сол олқылықтың орнын толтырып, көзге арналған күрделі оталар жергілікті жерде жасалады. Ақтөбе медициналық кластер орталығына айналған соң жаңа құрылыс жұмыстары басталды. Бұған дейін біз «Дару» оңалту орталығын салған болатынбыз», - деді орталық директоры Ғалымжан Елеуов. Оның айтуынша, офтальмологиялық орталықта 60 кереуетті аурухана болады. Орталықта күніне 500 адамды қабылдайтын емхана жұмыс істейді. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталды. Көз емдеуге, ота жасауға арналған құрал-жабдықтар жеткізіледі. Сонымен қатар, дәрігер мамандардың бәрі Еуропада білімін жетілдіріп жатыр.

Ақтөбе мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында әлеуметтік нысандар салу тәжірибесімен бөлісті

Ақтөбе облысында елімізде алғаш рет жедел жәрдем қызметі жекенің басқаруына берілді. Түрік компаниясы 5 жыл ішінде жедел көмөк көрсету станциясы түгел жабдықтап, мамандардың біліктілігін арттырады. Алғашқы реанимобильдер өткен жылы пайдалануға берілді. 

Ақтөбе мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында әлеуметтік нысандар салу тәжірибесімен бөлісті

Жедел медициналық көмек бекеті 3 қабатты болады. Мұнда құрылыс жұмыстары аяқталды. Орталықта Е-форматты аналитикалық, ақпараттық және диспетчерлік басқару жүйесі жұмыс істейді. «Алғашқы көмек» ЖШС-ның директоры Бақытжан Тұрметовтің айтуынша, орталықтағы замануи аппарат жедел жәрдем бригадасының қозғалысын бақылауға, шақыру түскен кезде ең жақын орналасқан көліктерге тапсырма беріге мүмкіндік бар.

Ақтөбе мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында әлеуметтік нысандар салу тәжірибесімен бөлісті 

Айта кетейік, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Ақтөбеде Хоккей модулі, Жекпе-жек сарайы, бірнеше мектеп мен балабақша пайдалануға берілді. 

Ақтөбе мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында әлеуметтік нысандар салу тәжірибесімен бөлісті


Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Пікір қалдыру
Мұрағат