Ақтөбе қаласы екі ауданға бөлінеді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбе қаласын екі ауданға бөлу жоспарланып отыр.  Аудандарды құру, оларға атау беру мәселелері қоғамдық тыңдаулар барысында талқыланатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе агломерациясы аясында облыс орталығын дамыту бойынша бірнеше жоспар құрылды. Қазіргі уақытта қаланы екі ауданға бөлу жоспарланған. Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қала маңындағы бес елді мекенді (Благодар, Қарғалы, Қурайлы, Новый және Сазды) Ақтөбе қаласына қосу жоспарланып отыр.

«1988 жылға дейін Ақтөбеде екі аудан болды: Пролетарлық және Фрунзе. Бүгінгі күні мұндай аудандар Астана, Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларында бар. Ақтөбе маңындағы бес ауылдық округтің қашықтығы 2-ден 25 шақырымға дейін құрайды. Жаңа тұрғын үй кешендерін және жеке тұрғын үй құрылысын дамыту есебінен Ақтөбе қаласына 2 ауылдық округ, яғни Қарғалы, Новый біріктіріледі. Ауылдық округтердің қашықтығы 2-ден 5 шақырымға дейін құрайды. Бұл екі ауылда ауыл шаруашылығы дамымай қалған. Тұрғын үй құрылысының дамытылуына байланысты жекеменшік қосалқы алаңдарда малдың жайылымдары қысқартылды. Жалпы алғанда бұл жұмыс салық пен басқа да төлемдерді, сондай-ақ белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің санын көбейтуге мүмкіндік береді. Ақтөбе қаласы тұрғындарының өмір сүруін бақылауға, қызмет көрсету сапасын арттыруға жол ашылады», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Бұл жергілікті биліктің түбегейлі шешімі емес. Алдағы уақытта қоғамдық тыңдаулар өтіп, облыстық мәслихаттың кезектен тыс он сегізінші сессиясында қаралады. Сол кезде атау беру мәселесі де талқыланады.

 

Соңғы жаңалықтар