Ақтөбе қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы ауысты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы болып 38 жастағы Арман Өтешов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қалалық жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығы Мақсат Шляшевті прокуратура тексеріп, тергеді. Ол 5 маусымдағы террристік акт кезінде тиісті деңгейді шешім қабылдамады, №6655 әскери бөліміне шабуыл жасаған лаңкестердің ізіне түспеді деген күдікке іліккен болатын. Сол кезде оның орынбасары Ермек Шукановтың да ісі қаралды. Бірақ Бас прокуратура лаңкестік оқиға кезіндегі құқық қорғаушылардың іс-әрекеттерінен ешқандай кінәрат таппай, істі қысқартты. Бірақ екі полицей басшылық қызметке қайта оралмады. Ал бүгін қалалық жергілікті полиция қызметіне 38 жастағы Арман Өтешов тағайындалды.

«Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Әлиев ұсынған кандидатураны қолдады. Қалалық жергілікті полиция қызметіне Арман Өтешов тағайындалды. Ол 1979 жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауданында туған. Қарағанды заң институтын бітірген. Еңбек жолын учаскелік инспектор қызметінен бастаған. Кейін тергеуші болып жұмыс істеді. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қобда аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары болды. Үйленген. Екі бала тәрбиелеп отыр»,- деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Нұргүл Қонақбаева.

Айта кетейік, Арман Өтешовтың кандидатурасын қалалық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдаған.

Соңғы жаңалықтар