Ақтөбе қалалық əкімдігінің күзетшісі өз-өзіне қол салды

None
None
АҚТӨБЕ.ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық мамандандырылған күзет қызметінің инспекторы Байбек Қарымсақов жұмыс уақытында өз-өзіне қол жұмсады. Ол қызметтік тапаншасымен басынан атқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қалалық əкімдігіндегі оқиға кеше кешкісін тіркелді. Жұмыс уақытында күзет қызметкері тапаншасымен өзін басынан атқан. 35 жастағы қызметкер оқиға орнында қаза болды.

null 

«Байбек Қарымсақов 7 жылдан бері күзетте жұмыс істейді. Оның екі баласы бар, əйелі үшіншісіне жүкті. Кіші лейтенант Ырғыз ауданының тумасы»,- деді Ақтөбе облыстық мамандандырылған күзет басқармасының орынбасары Руслан Маханов.

Айта кетейік, осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Күзет қызметкері ПМ-9мм қаруын қолданған.

null 

Соңғы жаңалықтар