Ақтөбе «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын жалғастырады

None
None
 АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы жалғасады. Теологтар Астана қаласынан шақырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының тиімді екенін дәлелдеді. Бір ай бойы мамандар Әйтеке би, Хромтау, Мұғалжар, Темір, Мәртөк, Қарғалы, Байғанин, Шалқар аудандарына барып, халықты жұмыспен қамту, діни экстремизмнің алдын алу, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуын түсіндіреді.

«Дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушылардың санын азайтып, тұтастай алғанда өңір қылмыс көрсеткіші төмендеді. Біз жобаны жаңғыртып жатырмыз. Осыған орай тиімді нәтижеге жету үшін қолда бар мүмкіндіктерді барынша пайдалану қажет»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Жоспар дайын. Дін жолындағы жастар, діни қауымдастықтар және түрмеден босатылған адамдарға арналған 100-ен астам шара өткізілмек. Топтық және мақсатты кездесулер, семинарлар, мешіттерде жүргізілетін дәрістер бар. Барлығы 32 теолог түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, оның 9-ы Астанадан шақырылады. Ал әлеуметтік мәселелерді шешу бағыты бойынша Ақтөбе дәрігерлері 3 мыңнан астам адамға көрмек көрсетеді. Балалар мен оқушылардың денсаулығы тексеріліп, 200 адамға түрлі ультрадыбыстық зерттеулер жүргізеді. Адамдардың тісі емделеді. Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 180 жұмыссыз еңбекке араласып, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар тәжірибесіне, қысқа мерзімді тренингтерге жіберіледі.
null

«Мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының өкілдері кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру үшін жастарға, ауыл әкімдеріне арнап жиын өткізеді. Қазіргі уақытта қаржы институттары құны 250 млн теңге болатын 60 жобаны қаржыландыруға келісім берді. Ал ақпараттық жұмыс бағыты «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Болашаққа бағдар:  рухани жаңғыру» мақаласының басты бағыттары, міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіледі. Жергілікті халықпен және ірі компаниялардың еңбек ұжымдарымен кездесу барысында 24 вахталық елді мекенде діни экстремизм мен терроризмді болдырмауға бағытталған 30 бейнеролик көрсетіледі. «Жоба, халыққа барынша пайда әкелуі тиіс және оның оң әсерін жобамен қамтылған өңірдің әрбір тұрғыны сезінуі қажет. Нақты нәтижелер болуы керек. Біз халықтың проблемаларын шешуге тиіспіз»,- деді Бердібек Сапарбаев. 

Соңғы жаңалықтар