Ақтөбе халқының 87 пайызы табиғи газды пайдалануда

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбедегі 111 ауылда газ бар. Қазіргі кезде облыс халқының 87 пайызы табиғи газды пайдаланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысын газдандыру жұмысы жалғасып жатыр. Биыл өңірде 7 жобаны іске асыруға 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Қаржы Шалқар, Әйтеке би, Қарғалы, Мәртөк аудандарындағы бірнеше ауылға газ құбырын жеткізу, ауылішілік газ желісін жүргізу жұмыстарына жұмсалды.  

«Ақтөбе облысындағы 375 елдімекенінің 111-де газ бар. Қазіргі кезде 730 мыңнан астам адам газ тұтынып отыр. Бұл өңір халқының 87 пайызына тең. Облыстың барлық аудан орталықтарында газ жеткізілген. Алдағы уақытта облыс әкімдігі мен «ҚазТрансГаз» АҚ арасында меморандумға қол қойылуы мүмкін. Барлығы 7,2 миллиард теңгеге 10 ауылға газ жеткізу көзделіп отыр. Яғни, тағы 8 мыңнан астам адам газ тұтына алады. Экоминика министрлігіне 2018-2019 жылдарға арналған сұраныс берілді. Барлығы 32 жобаны қолға аламыз. Бұл жұмыстарға 9,8 миллиард теңге жұмсалады. Сонымен қатар, 15 жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатыр», - деді Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Дастан Аманов. 

null

Соңғы жаңалықтар