«Ақтөбе» ФК бұрынғы бас директоры Васильевке сот үкімі шықты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Ақтөбе» ФК бұрынғы бас директоры Дмитрий Васильев пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Ескендірбек Махановқа сот үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дмитрий Васильевтің жеке мүлкі тәркіленіп, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал Ескендірбек Махановтың да жеке мүлкі тәркіленіп, 7 жыл тағайындалды, енді оған темір тордың ар жағында 6 жыл 6 айын өткізу қалды. 240 миллион теңге шығынды сотталушылар бірлесіп өтейді. Сонымен қатар Васильев 43 миллион 836 мың теңгеден астам, ал Маханов 1 миллион 94 мың 312 теңге көлемінде материалдық шығынды өтейді.

«Ақтөбе» футбол клубының бас директоры қызметін атқарған Дмитрий Васильев 2016 жылдың 8 қарашасы күні Қылмыстық кодекстің «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бабы бойынша қамауға алынған болатын . Ал басты сот отырысы сәуірде басталды. Дмитрий Васильев ақшаны талан-таражға салмағанын, үнемдегенін айтып, ақталды .  Дегенмен мемлекеттік айыптаушы Васильевтің айына 4 миллион теңге жалақы алып отырғанын, өзіне негізсіз сыйақы тағайындағанын айыптау қорытындысында тізбектеп берді. «Бас директордың айлығы 4 миллион теңге болған. Сөйтіп, 2015 жылдың желтоқсанынан 2016 жылдың қазанына дейін Васильевке 40 миллион 315 мың теңге аударылған. Шығын - 36 миллион 500 мың теңге. Сонымен қатар, 2016 жылы шілде айында тағы 10 миллион 980 мың теңге сыйақы берген »,- деді сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Елубек Таласов. 

Айыптау қорытындысы кезінде облыстық дене шынықтыру жән спорт басқармасының бұрынғы басшысы Ескендірбек Махановтың «Ақтөбе»-«Будапешт», «Ақтөбе»-«Атырау» ойындарын қарауға барып, жол шығыны мен жатын орнының ақшасы клубтың қаржысынан жұмсалғаны белгілі болды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

null

Соңғы жаңалықтар