«Ақтөбе» ФК бас бапкері жұмыстан қуылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украиндық маман Игорь Рахаев   «Ақтөбе» ФК  бас бапкері лауазымынан босатылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.  

Рахаев клубқа осы маусымның басында келген. Оның басқаруымен «Ақтөбе»  он ойында бір-ақ рет жеңіске жетіп, тек 6 ұпай жинады. Осылайша тарихтағы ең төмен деңгейді көрсетті. Қазір Қазақстанның бес дүркін чемпионы ел премьер-лигасы кестесінде қарағандылық «Шахтермен» қатар соңғы орында тұр.   

«Ақтөбе» ФК жетекшілігіне үміткерлердің бірі Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Талғат Байсуфинов. Ал 10 мамырда «Атырау» командасымен болатын матчқа команданы жергілікті маман  Игорь Прохницкий дайындауда.

Соңғы жаңалықтар