Ақтөбе ферроқорытпа зауытында мерейтойлық металл балқытылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе ферроқорытпа зауытының бірінші балқыту агрегаты 75 жылдыққа орай мерейтойлық металл балқытты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе ферроқорытпа зауытындағы бірінші балқыту пешінің іске қосылғанына 75 жыл толды. Күні бүгінге дейін бірінші пештен 220 мың рет металл шығарылды. Тарихқа сүйенсек, 1943 жылдың 18 қаңтары күні Қазақстандағы алғашқы ферроқорытпа зауытында бірінші балқыту цехының «Комсомолка» пеші қыздырылды. Екі күннен соң майданға қажетті алғашқы металл балқытылды. Бүгін сол мерейтойлық балқыту жұмысы Жасұлан Тұрсынбеков бригадасына тапсырылды.

«Алғашқы балқыту жұмысын жүргізген ардагер металлургтерге алғыс айтамыз. Ардагерлердің жұмысы сәтті жалғасып, жастар табысты жұмыс істеп жатыр»,- деді Ақтөбе ферроқорытпа зауытының директоры Мұрат Мұқашев.

Ақтөбе ферроқорытпа зауытында №4 цех 2014 жылы іске қосылды. Бір жылдан соң өнім шығара бастады.https://kaz.inform.kz/news/mashkevich-aktobelik-metallurgterdin-zhumys-natizhesine-alandap-otyr_a3004090  Ал 2017 жылы  зауыт 500 мың тонна өнім өндірді.

«Бұл мен және біздің ұжым үшін үлкен мақтаныш, жауапкершілік. Мерейтойлық шараға алғашқы балқыту жұмысына қатысқан адамдар да келді. Осы шара менің өмірімдегі ерекше оқиға ретінде мәңгі есте қалады»,- деді балқытушы Қанат Жұмабаев.
null

Соңғы жаңалықтар