Ақтөбе ЭКСПО көрмесінің озық технологияларын өндіріске енгізетін өңірлердің көшін бастады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде өткен инвестициялық форум «ЭКСПО-2017: өңірлердің даму серпіні» тақырыбын қамтыды. Форумға Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеге келген шетелдік инвесторларға өңірдің экономикалық мүмкіндіктері түсіндірілді. Форумға Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Орынбор облысының әкімі Юрий Берг, Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров, «Астана ЭКСПО - 2017» ҰК басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әлішер Пирметов қатысты.

null 

«Әрбір мемлекеттің дамуы, болашағы экономикаға тартылатын инвестицияға байланысты. Мақсатымыз - форум арқылы кәсіпкерлерді шетелдік инвесторлармен таныстырып, өңір экономикасына қосымша қаржы тарту. Форум «ЭКСПО-2017: өңірлердің даму серпіні» тақырыбын қамтыды. Еліміз үшін бұл халықаралық көрменің маңызы зор. Көрме арқылы бізді әлем таныды, инвесторлар қазақ жерімен танысты. Бүгінгі күнге емес, болашаққа қадам басталды. Ендігі жұмыс - көрме кезінде елімізге келген жаңа технологияны өндіріске енгізу, энергия үнемдеу, баламалы әдіспен қуат өндіруді іске асыру. Жоспар бойынша кәсіпкерлеріміз 21 жобаны таңдап, өндіріске енгізуге келісті. Жоба құны - 128 миллион теңге. Енді жоспарды іске асыру жөнінде жұмыс істейміз. Ең кем дегенде 20 пайызы іске қосылса, өңір экономикасының дамуына, экологиясының жақсаруына септігін тигізеді», - деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

null 

ЭКСПО көрмесіне Ақтөбеден 140 мың адам барды. Олардың арасында ірі және орта кәсіп иелері де бар.

«Көрме еліміздің, Астананың, өңірлердің дамуына үлес қосады. Көрме кезінде 193 жаңа технология ұсынылды. Елбасы тапсырмасына сәйкес сол технологияларды өңірлер өз аумақтарындағы өндіріске енгізуі тиіс. Ақтөбе облысы ЭКСПО көрмесі кезінде халыққа таныстырылған жаңа технологияларды өндіріске енгізу жоспарының көшін бастады», - деді «Астана ЭКСПО - 2017» ҰК басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әлішер Пирметов қатысты.

Жиын кезінде Орынбор облысының әкімі Юрий Берг ЭКСПО көрмесінің ұйымдастырушыларына алғысын жеткізіп, оларды «Орынбор - Еуразия жүрегі» атты форумға шақырды. 

null 

Соңғы жаңалықтар