Ақтөбе базарында телефон сатып, сатып алып жүргендер ұсталды

None
None
 АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі «Астана» сауда үйі мен базарда телефон сатып, сатып алып жүрген адамдар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Ақтөбедегі базар маңына бір сәтте жергілікті полиция қызметі мен арнайы жасақ жетті. Базар сырты мен ішінде телефон сатып, сатып алып, жөндеу жүргізетіндердің бәрін көлікке мінгізді. Ақтөбе қалалық әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында көрсетілген ақпаратқа сүйенсек, Жергілікті полиция қызметі ұрланған электронды техникаларды, соның ішінде телефон, планшеттерді анықтау мақсатында ұстау шарасы өткен .  «Жергілікті құқық қорғау органдары тарапынан ұрланған электрондық теxниканы(ұялы телефондар және т.б.) сатып алуы мүмкін деген күдікті азаматтарды тексеру іс-шаралары жүзеге асырылды. Барлық іс-шаралар заң шеңберінде өтті»,- деп хабарлады жергілікті әкімдік .
null

null

Соңғы жаңалықтар